Намазды бастама, намазды оқы!!!!
- Қанша тырыссам да осы намаз дегенді бастай алмай-ақ қойдым. - Сен намазды бастама, оны оқы! - Қалай? Екеуі бір емес пе? - Сен намазды бастаймын деген кезіңде әр күні бес уақыт оқу керектігі есіңе түседі. Сөйтіп оны үлкен бір мәселеге айналдырып аласың. Өзіңнен өзің қиналасың. - Ал намазды бес рет оқу керектігі дұрыс емес пе? ...